КОМПАНИЯ
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бөлігі болып табылатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану бойынша жобаны іске асыру мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын. Серіктестік 2001 жылғы 11 желтоқсанда құрылды. Жоғары орган – Қатысушылардың Жалпы жиналысы. Басқарманың қызметін қадағалауды жүзеге асыратын орган – Қадағалау кеңесі. Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган – Тексеру комиссиясы. Алқалы атқарушы орган – Басқарма. Серіктестікке Қатысушылар: «ҚазТрансОйл» АҚ-қатысу үлесі 51%. «CNPC Exploration and Development Company Ltd» компаниясы – қатысу үлесі 49%.
МИССИЯ
«МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның миссиясы Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырын жобалауды, жабдықтауды және салуды ұйымдастыру, мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну арқылы оны пайдалану, сондай-ақ құбыр көлігі саласындағы қызметтерді әлемдік стандарттар деңгейінде дамыту арқылы акционерлердің талаптарына сай пайдаға қол жеткізе отырып, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық даму мен әріптестік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ету.
ҚЫЗМЕТ БАҒЫТЫ
«МұнайТас» СБҚК» ЖШС қызметінің мәні:
- магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу, пайдалану, сондай-ақ дамыту, мұнайды құбыр көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер;
- ішкі және сыртқы нарықта мұнай, оны қайта өңдеу өнімдері маркетингі;
- қаржыландыруды ұйымдастыру, құбыр және басқа жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
- мұнай құбыры көлігі саласында жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;
ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ
- «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры жұмысының тиімділігін арттыру есебінен мұнай тасымалдау көлемін ұлғайту;
- жаңа кен орындарымен өзара әрекеттестік;
- Батыс және Орталық Қазақстанда, Батыс Қытайда инвестициялық жобаларды іске асыру, басқа да перспективалы бағыттар;
- «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын кеңейту және жаңғырту;