You are currently viewing ГРУЗИЯДАҒЫ «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯСЫ МЕН ABU DHABI PORTS «БАТУМИ МҰНАЙ ТЕРМИНАЛЫ» ЖШҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

ГРУЗИЯДАҒЫ «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯСЫ МЕН ABU DHABI PORTS «БАТУМИ МҰНАЙ ТЕРМИНАЛЫ» ЖШҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

2023 жылғы қаңтарда жасалған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асыру шеңберінде «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ басшылығы («ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесімен 100% тиесілі) және «Батуми теңіз порты» ЖШҚ («Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ға 100% басқаруға эксклюзивті құқықтар үлесі тиесілі) Abu Dhabi ports Group, «Қазтрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС және «KMG Systems&Services» ЖШС өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Батуми теңіз порты мен Батуми мұнай терминалының нысандары таныстырылды. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және Қара теңіз акваториясында мұнай тасымалдау мақсатында өндірістік қуаттарды ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.