2025-2027 жылдарға арналған "МұнайТас "СЗТКК" ЖШС қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімі туралы хабарландыру

2022 жылғы 3 наурыздағы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің бекітілген шешімімен (№193 отырыс хаттамасы) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғалардың сатып алу қызметін басқару тәртібіне №13 қосымшасына сәйкес «МұнайТас» СБҚК» ЖШС (Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі) 2025-2027 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімінің өткізілетіні туралы хабарлайды.

Тапсырыс беруші сізді 2025-2027 жылдарға арналған «МұнайТас» СБҚК» ЖШС қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне (бұдан әрі – Таңдау рәсімі) қатысуға шақырады, олардың толық сипаты төменде келтірілген.
  1. Тапсырыс берушінің атауы мен мекен-жайы: «МұнайТас» СБҚК» ЖШС, мекен-жайы Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 26/29.

  2.  2025-2027 жылдарға арналған сатып алынатын аудиторлық қызметтер көлемінің сипаттамасы (есепті кезеңдер, аудиторлық рәсімдердің көлемі мен сипаты):

    1) ҚЕХС (IAS34) сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің аралық қаржылық есептілігіне шолу жүргізу:

    — 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 31 наурызда аяқталған үш айда,

    — 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 30 маусымда аяқталған алты айда,

    — 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айда;

    2) 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 30 маусымда аяқталған алты ай үшін немесе 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай үшін аудит бойынша есеп бере отырып, Қатысушының шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті мақсаттары үшін Қатысушының сыртқы аудиторының нұсқаулары бойынша дайындалған Тапсырыс берушінің қаржылық ақпаратының аралық пакетіне аудит жүргізу. Бұл аудит қажет болған жағдайда (Қатысушының сұрауы бойынша) әр қаржы жылында бір рет жүргізіледі. Бұл ретте шарттың құны өзгеріссіз қалады.

    3) аудит бойынша есепті ұсына отырып, барлық маңызды аспектілерде ҚЕХС сәйкес қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында 2025, 2026 және 2027 жылдарға арналған ҚЕХС сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;

    4) шолу бойынша есеп бере отырып ҚЕХС (IAS 34) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Корпоративтік есеп саясатына (бұдан әрі – ҚМГ КЕС) сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің аралық қаржылық ақпаратына шолу жүргізу. ҚМГ КЕС-ке сәйкес арнайы мақсаттағы қаржылық ақпарат: «Қаржылық жағдай туралы есеп», «Жиынтық табыс туралы есеп», «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп», «Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп», «Тарихи құн бойынша негізгі құралдардың қозғалысы туралы есеп» (тиісті есептеулермен):

    — 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 31 наурызда аяқталған үш айда,

    — 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 30 маусымда аяқталған алты айда,

    — 2025, 2026 және 2027 жылдардағы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз айда;

    5) 2025, 2026 және 2027 жылдарға арналған ҚМГ КЕС-қа сәйкес, аудит бойынша есепті ұсына отырып, барлық маңызды аспектілерде ҚМГ КЕС-қа сәйкес арнайы мақсаттағы қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;

    6) аудит бойынша есеп бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы №404 бұйрығымен бекітілген тізбе мен нысандарға сәйкес дайындалған Тапсырыс берушінің 2025, 2026 және 2027 жылдарға арналған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;

    7) ішкі бақылау жүйесіндегі елеулі кемшіліктерді және барлық өзге де кемшіліктер мен ұсынымдарды қоса алғанда, кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсынымдар бере отырып, ілеспе қызметтер тізбесіне енгізілген қосымша шолулар мен бағалаулардың нәтижелерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, ҚЕХС сәйкес дайындалған 2025, 2026 және 2027 жылдардағы Тапсырыс берушінің қаржылық есептілігі аудитінің қорытындылары бойынша Тапсырыс берушінің басшылығына хат ұсыну.

  3.  Құны Қызметтердің жалпы құнына енгізілген сатып алынатын Қызметтер мен ілеспе қызметтердің толық сипаттамасы, сондай-ақ ресми конкурстық ұсынысқа қойылатын талаптар «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның 2025-2027 жылдарға арналған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға Сұрау салуда (бұдан әрі қатысуға Сұрау салу) көрсетілген.

  4.  Аудитор* Тапсырыс берушіге қатысты Аудитор тиісті құпиялылық туралы келісімге қол қойғаннан кейін ұсынылатын қосымша мәліметтер алу үшін Тапсырыс берушіге жүгінуге құқылы.

  5.  Аудитор конкурстық ұсыныстарды мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Тимирязев к-сі,26/29, каб.15, ұсынады.

  6.  2025 – 2027 жылдарға арналған Қызметтерді сатып алуға бөлінген сома: 184 500 000 (жүз сексен төрт миллион бес жүз мың) ҚҚС есебінсіз теңге.

  7.  Аудитордың ресми конкурстық ұсыныстары Тапсырыс берушіге 5-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша қабылдау-тапсыру актісі бойынша мөрленген конвертте ұсынылады, сондай-ақ ресми конкурстық ұсыныстың көшірмесі munaitas@munaitas.kz электрондық мекенжайына жіберілуге тиіс. Аудитордың не оның уәкілетті өкілінің мүдделерін білдіретін тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге ресми конкурстық ұсынысты қолма-қол ұсыну құқығына тиісті сенімхат беруге міндетті. Ресми конкурстық ұсыныс тігіліп, Аудитордың мөрімен бекітілуі тиіс.

  8. Ресми конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ұсынуды бастау мерзімі: 2024 жылғы «4» желтоқсан сағат 9:00-ден бастап.

  9. Ресми конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың аяқталу мерзімі: 2024 жылғы «13» желтоқсан сағат 18:30-ға дейін.

  10. Таңдау рәсіміне қатысуға арналған ресми конкурстық ұсыныстары бар конверттерді Тапсырыс беруші 2024 жылғы «17» желтоқсан сағат 10:00-дe келесі мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 26/29, 15 кабинетте, ашады. Ресми конкурстық ұсынысты дайындау үшін ақпарат алу мақсатында аудиторлық ұйымдар кездесуге құқығы бар Тапсырыс берушінің жауапты лауазымды адамдарының тізбесі мен байланыстары қатысуға Сұрау салуда көрсетілген.


Аудитор – қаржылық есептілік аудиті бойынша аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер және Тәртіпке сәйкес Таңдау рәсіміне қатысатын аудиторлық ұйым.