КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

КОМПАНИЯ

«МұнайТас «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі-«Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бөлігі болып табылатын «Кеңқияқ-Атырау»мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын. Қоғам құрылды 11 желтоқсан 2001 ж. Жоғары орган — акционерлердің жалпы жиналысы. Басқару органы-Директорлар кеңесі. Атқарушы орган – бас директор (Басқарма Төрағасы); бақылау органы — ішкі аудит қызметі. Қоғамның акционерлері: «ҚазТрансОйл» АҚ-Қоғамның 51% акциясына тиесілі. «CNPC Exploration and Development Company Ltd» компаниясы қоғамның 49% акциясына тиесілі.

ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның негізгі мақсаты – «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалауды ұйымдастыру, құралдарды жеткізу және мұнай құбырын салу, мұнай тасымалдау қызметтерін көрсете отырып, оны эксплуатациялау арқылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық дамуға үлес қосу, сонымен қатар, серіктестік және достық қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ, акционерлердің талабына сай кіріске қол жеткізе отырып, құбыр көлігі саласындағы қызметтерді халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру.

ҚАРЕКЕТІ

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС қарекеті: 

• магистральді мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу, эксплуатациялау мен дамыту, сонымен қатар, құбыр көлігі арқылы мұнай тасымалдау қызметтері; 
• ішкі және сыртқы нарықта мұнай мен оның өнімдерінің маркетингі; 
• құбырлық және басқа да жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру, технико-экономикалық негіздемелерді дайындау; 
• мұнай құбыры көлігі саласында жаңа технологияларды дамыту және енгізу; 

ДАМУДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚТАР

• «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры жұмысының тиімділігін арттыру есебінен мұнай тасымалдау көлемдерін арттыру; 
• мұнай шығаратын компаниялармен өзара әрекеттесу; 
• Батыс және Орталық Қазақстанда, Батыс Қытайда, сонымен қатар басқа да перспективалық бағыттарда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; 
• «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын кеңейту және жаңарту; 
• өндіріс қауіпсіздігін және экологиялық тазалығын қамтамасыз ету.