КОМПАНИЯНЫҢ ТАРИХЫ

КОМПАНИЯНЫҢ ТАРИХЫ

«МұнайТас «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (компанияның қысқартылған атауы – «МұнайТас» СБҚК» ЖШС) 2001 жылғы 11 желтоқсанда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын салу және эксплуатациялау жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Компания құрылтайшылары:

  • АО «ҚазТрансОйл», Компания акцияларының 51% иеленуші
  • «CNPC Exploration and Development Company Ltd.» ЖШС, Компания акцияларының 49% иеленуші

Компанияның негізгі қарекеті: магистральді мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау қызметтерін көрсету. 

2001 желтоқсан

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС 2001 жылғы 11 желтоқсанда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын салу және эксплуатациялау жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған. 

2004 қаңтар

2004 жылғы қаңтардан бастап «МұнайТас» СБҚК» ЖШС құбыр компаниясы» ЖШС Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеуішіне енді. 

2004 маусым

2004 жылғы 18 маусымда ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің №135 Бұйрығымен эксплуатацияға қабылданған негізгі қаржылардың құны 31 млрд. теңгені құрайтын «Кеңқияқ-Атырау» магистральді мұнай құбыры» салынған нысанды қабылдау туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының Актісі бекітілген.

2005 мамыр​

2005 жылғы 16 мамырда «МұнайТас» СБҚК» ЖАҚ «МұнайТас» СБҚК» АҚ болып қайта тіркелді, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 90-бабының 1-тармағына және орналасқан жерінің өзгеруіне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 44641-1910-АҚ) сәйкес.

2011 қараша​

2011 жылы ТМРА-ның 2011 жылғы 7 қарашадағы № 351 бұйрығымен бекітілген-2012 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу мерзімімен 1000 км-ге 1 тонна үшін 5 912 теңге мөлшерінде бір үлес тарифі.

2012 қаңтар​

2012 жылғы 19 қаңтарда ТМРА-ның 2011 жылғы 7 қарашадағы № 351-ТМРА-ның бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № 8-ОД бұйрығымен бекітілді, 1000 км-ге 1 тонна үшін 5 912 теңге мөлшерінде жаңа үлес тарифі 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.

2016 сәуір

2016 жылғы 14 сәуірде ҚР Энергетика министрлігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығымен бірлескен КРЕМ бұйрығы бекітілді, серіктестіктің 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілді.

2018 шілде​

2018 жылғы 24 шілдеден бастап «МұнайТас «СБҚК» АҚ «МұнайТас «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – «МұнайТас» ЖШС, Серіктестік) болып қайта құрылды.

2020 маусым

2020 жылғы 15 Маусымда 1-ші іске қосу кешені бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.

2021 маусым

2021 жылғы 30 Маусымда 2-ші іске қосу кешені («Аман»ЖЗҚ технологиялық мақсаттағы объектілері)бойынша объектілерді пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды;

2021 маусым

2021 жылғы 30 Маусымда объектілерді жылыту пештері объектісін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды.

2021 шілде

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап «Аман» ЖЗҚ технологиялық объектілері арқылы кері бағытта мұнай айдау мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Барлық жабдықтар штаттық режимде жұмыс істейді.

2021 қараша

ДРЕМ 2021 жылғы 26 қарашадағы №132-НҚ бұйрығымен 2021 жылға арналған өзгерістерді ескере отырып, тарифтік смета бекітілді.