Саясат

«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаты

«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі — Серіктестік) «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау бойынша қызметтерді жүзеге асыра отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзінің жауапкершілігін түсінеді және ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 стандарттарының талаптарына сәйкес өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

  1. «Кеңқияқ — Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнайды апатсыз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету;
  2. Серіктестіктің қызметіне қолданылатын заңнамалық және нормативтік талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету;
  3. Серіктестікте 4 «Қ» -ның мәдениетін дамыту: ең алдымен Қауіпсіздік; Қауіпсіздік — командалық жұмыс; Қауіпсіздік – оқыс оқиғалардың болмауы; Қауіпсіздік ережелері — біздің үздік құралымыз;
  4. техникалық және технологиялық шешімдерді енгізу және жетілдіру жолымен «жасыл» әдеттерді қоса алғанда, қоршаған ортаға достық қарым-қатынасты қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарындыларының көлемін қысқартуға және (немесе) парниктік газдарды сіңіруді ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды енгізу;
  5. денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қауіп-қатерлерді жою және тәуекелдерді азайту арқылы жұмыскерлердің жұмысына байланысты жарақаттардың алдын алу және денсаулық жағдайының нашарламауы үшін қауіпсіз және денсаулығы үшін қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету;
  6. қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ынталандыру және жігерлендіру, адами капиталды және жұмыстағы шығармашылық құрамдас бөлікті дамыту;
  7. қызметкерлермен консультациялар жүргізу, сондай-ақ олардың денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке қатысуын қамтамасыз ету;
  8. менеджменттің интеграцияланған жүйесін ұдайы жақсарту және нәтижелілігін арттыру (оның ішінде экологиялық көрсеткіштерді жақсарту), тәуекелдерді басқару арқылы өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде сәйкессіздіктер мен проблемаларды болдырмау;
  9. өнім берушілердің сатып алу рәсімдеріне қол жеткізуінің ашықтығын қамтамасыз ету, өнім берушілермен және басқа да мүдделі тараптармен әріптестік қатынастар құру;

10) Серіктестікке Қатысушылар («ҚазТрансОйл» АҚ және CNPC Exploration and Development Company Ltd.) айқындаған мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру.

Өзіне алған міндеттемелерді іске асыру мақсатында серіктестік басшылығы нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық қажетті ресурстарды бөлуді қамтамасыз етуге міндеттенеді, ең үздік іскерлік тәжірибені пайдалана отырып, корпоративтік басқару жүйесі мен интеграцияланған менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі және үздіксіз жетілдірілуі үшін, ал әрбір қызметкер өз құзыреті шегінде оларды іске асыру үшін жеке жауапты болады.