Компания туралы

КОМПАНИЯ

«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС – «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының бір бөлігі болып табылатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және эксплуатациялау мақсатында құрылған бірлескен мекеме. Қоғам 2001 ж 11 желтоқсанда құрылған. Акционерлердің Жалпы жиналысы ең жоғарғы басқарушы орган болып табылады. Басқару органы – Директорлар кеңесі. Атқарушы орган – «МұнайТас» СБҚК» ЖШС бас директоры. Қадағалаушы орган – Ревизиялық комиссия. Қоғам құрылтайшылары: «ҚазТрансОйл» АҚ Қоғам акцияларының 51% иеленеді, «Қытай Ұлттық Мұнай Компаниясы Интернационал Қазақстанда» ЖШС Қоғам акцияларының 49% иеленеді.

ҚОҒАМНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның негізгі мақсаты - «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын жобалауды ұйымдастыру, құралдарды жеткізу және мұнай құбырын салу, мұнай тасымалдау қызметтерін көрсете отырып, оны эксплуатациялау арқылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық дамуға үлес қосу, сонымен қатар, серіктестік және достық қарым-қатынастарды нығайту, сондай-ақ, акционерлердің талабына сай кіріске қол жеткізе отырып, құбыр көлігі саласындағы қызметтерді халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру.

ҚАРЕКЕТІ

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС қарекеті: 

 магистральді мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу, эксплуатациялау мен дамыту, сонымен қатар, құбыр көлігі арқылы мұнай тасымалдау қызметтері; 
 ішкі және сыртқы нарықта мұнай мен оның өнімдерінің маркетингі; 
 құбырлық және басқа да жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру, технико-экономикалық негіздемелерді дайындау; 
 мұнай құбыры көлігі саласында жаңа технологияларды дамыту және енгізу;

ДАМУДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚТАР:

 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры жұмысының тиімділігін арттыру есебінен мұнай тасымалдау көлемдерін арттыру; 
 мұнай шығаратын компаниялармен өзара әрекеттесу; 
 Батыс және Орталық Қазақстанда, Батыс Қытайда, сонымен қатар басқа да перспективалық бағыттарда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; 
 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын кеңейту және жаңарту; 
 өндіріс қауіпсіздігін және экологиялық тазалығын қамтамасыз ету.