Компанияның тарихы

КОМПАНИЯНЫҢ ТАРИХЫ

«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС 2001 жылғы 11 желтоқсанда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын салу және эксплуатациялау жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Компания құрылтайшылары:

  • АО «ҚазТрансОйл», Компания акцияларының 51% иеленуші
  • «CNPC Exploration and Development Company Ltd.» ЖШС, Компания акцияларының 49% иеленуші

Компанияның негізгі қарекеті: магистральді мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау қызметтерін көрсету.

2001 11 желтоқсанда
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС 2001 жылғы 11 желтоқсанда «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырын салу және эксплуатациялау жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған
2004 қаңтардан
2004 жылғы қаңтардан бастап «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеуішіне енді.
2004 18 маусымда
2004 жылғы 18 маусымда ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің №135 Бұйрығымен эксплуатацияға қабылданған негізгі қаржылардың құны 31 млрд. теңгені құрайтын «Кеңқияқ-Атырау» магистральді мұнай құбыры» салынған нысанды қабылдау туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының Актісі бекітілген.