Компания саясаты

«МұнайТас» ЖШС көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықты қорғау саласындағы саясаты

«МұнайТас» ЖШС көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзінің жауапкершілігін сезінеді және мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалдау қызметіне қатысты ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына сәйкес менеджменттің интеграцияланған жүйесін жұмыс жағдайында ұстап тұру міндеттемесін өзіне алды.

Компанияның әрбір қызметкері үшін менеджмент жүйесіндегі жұмыстың негізгі қағидаттары мен бағыттары:

мұнайды магистральдық мұнай құбыры арқылы апатсыз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету

қызметтерді тұтынушылардың қанағаттануын арттыруды қамтамасыз ету

компанияның қызметіне қолданылатын заңнамалық және нормативтік талаптарды мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету

қызметкерлердің біліктілігін арттыру, мотивация және ынталандыру жүйесін дамыту, жұмыста адами капиталды және шығармашылық құрамды дамыту

акционерлер белгілеген мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыру

жеткізушілердің сатып алу рәсімдеріне қол жеткізуінің ашықтығын қамтамасыз ету, жеткізушілермен және басқа да мүдделі тараптармен әріптестік қарым-қатынас құру

қоршаған ортаның ластануын болдырмау, тәуекелдерді азайту арқылы компания, мердігерлік ұйымдар және басқа да тараптар қызметкерлерінің жарақаттары мен денсаулық жағдайының нашарлауын болдырмау, сондай-ақ үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) пайдалану жолымен еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет көрсеткіштерін тұрақты жақсарту

менеджмент жүйесінің нәтижелілігін арттыру, тәуекелдерді басқару жолымен өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде сәйкессіздіктер мен проблемалардың алдын алу болып табылады.

          Өзіне алған міндеттемелерді іске асыру мақсатында басшылық корпоративтік басқару жүйесі мен менеджмент жүйесін тиімді жұмыс істеу және үздіксіз жетілдіру үшін ең үздік іскерлік тәжірибені пайдалана отырып, барлық қажетті ресурстарды бөлуді қамтамасыз етуге міндеттенеді..