СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС өзінің күнделікті қызметінде ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген түрдегі сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты анықтау және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

«МұнайТас» СБҚК»  ЖШС-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін негізгі ішкі құжаттар мыналар:

  • «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның іскерлік этика Кодексі;
  • «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Саясаты;
  • «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары;
  • «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Регламенті; 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-да пайдаланатын негізгі құралдар мен механизмдер мыналар:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау, бағалау және басқару;
  • кері байланыс және сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау арналарының жұмыс істеуі.

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС заңнаманы және/немесе «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-ның іскерлік этика Кодексін бұзу, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және басқа да бұзушылықтар фактілері немесе болжамды жағдайлары туралы уақтылы хабардар етуді құптайды.

Болжалды бұзушылықтар туралы өтінішті жедел желіге хабарлау арқылы өтінішті жіберуге болады (https://sk-hotline.kz/#/). 

Көрсетілген жедел желінің операторы тәуелсіз тұлға – «КПМГ Такс энд Эдвайзери» (KPMG) ЖШС болып табылады.

Жедел желіге өтінішті барлық тұлғалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай байланыс арналары арқылы бере алады:

  • 8-800-080-47 телефон нөмірі бойынша (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін);
  • mail@sk-hotline.kz электрондық поштаға;
  • www.sk-hotline.kz интернет-порталы арқылы;
  • +7 (771) 191-88-16 WhatsApp арқылы.

Жедел желі тәулік бойы демалыссыз «24/7» режимінде жұмыс істейді. Бұл ретте оператор телефон қоңырауларын дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Қалған уақытта (мереке / демалыс күндерін қоса алғанда) телефон қоңыраулары өтініштерді жазу мүмкіндігі бар автожауапқайтарғышқа түседі. Жұмыстан тыс уақытта алынған өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.

«МұнайТас» СБҚК»  ЖШС өзінің күнделікті қызметінде ашық, адал және этикалық іскерлік мінез-құлық қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген түрдегі сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықты анықтау және оларға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.